Жаңалықтар

Тауықтан да табыс көп

Кәсіп

Қобдалықтар құс шаруашылығын дамытуды қолға алып жатыр. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қайтарымсыз грант алып, мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп жатқандар көп.

Сондай азаматтардың бірі — Жарсай ауылының тұрғыны Айболат Жақыпов. Көпбалалы әке бабын тауып бақсаң, тауық өсіріп те табысқа кенелуге болатынын айтады.

— Құс өсірудің қыр-сырын бала күнімнен жақсы білемін. Айтар ауызға оңай болып көрінгенімен, үлкен еңбекті қажет етеді. Шотыма қайтарымсыз қаражат түскеннен кейін 250-ден астам тауық сатып алдым. Балапан бастырып шығару үшін инкубатор, тоңазытқыш, генератор алдым. Бұдан бөлек құстың жұмыртқасын сатып та пайда қыламын, — деген Айболат әңгіме барысында жем бағасының да қымбаттап кеткенін айтып, күнделікті кездесіп жатқан қиындықтарымен бөлісті.

— Бір жерде қамап ұстағаннан соң, тауық санын көбейте алмай отырмын. Болашақта жер алсам, шаруашылығымды кеңейткім келеді, — деген ол ауылдастарын мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, кәсіп бастауға шақырды.

Аудан орталығында құстың етінен бөлек, жұмыртқасы да әжептеуір пұл болып тұр.

Бұл құс шаруашылықенді дамып келе жатқан Қобдаға құстың еті мен жұмыртқасы сырттан әкелінеді. Ал сырттан келетін өнімнің бағасы бағасы құбылмалы болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қатарындағы жұмыртқа биыл 70-80 теңгеге дейін жетті.

Анаргүл ЕГІЗБАЕВА,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button